×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Президенттің кадрлық резерві: кейбіріне 4-5 қызмет ұсынылса да бас тартып жатыр

14.06.2024, 15:59
Президенттің кадрлық резерві: кейбіріне 4-5 қызмет ұсынылса да бас тартып жатыр
Фото: Ашық дереккөзден

Президенттің кадрлық резервінде болып, мемлекеттік қызметке орналаса алмаған әлі де 100-ден аса азамат бар. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов оларға қанша қызмет ұсынылса да, мемлекеттік қызметке келгісі жоқтығын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жолманов не дейді

Агенттік өкілінің айтуынша, үш іріктеу кезінде 400 үміткер қабылданған. Оның 293-і қазіргі кезде жұмысқа орналастырылған.

– Әрине, мемлекеттік қызметке кірмеген резервшілердің арасында үнемі сауалнама да жүргіземіз. Олармен үнемі сөйлесеміз. Шақырамыз, кездесеміз. Әртүрлі себеп бар. Нақтылап айтқанда, кейбір резервшілерге 4-5 лауазым ұсынылған болатын. Бас тартты. Әртүрлі себептері бар. Біреуі жалақысына байланысты болды, екіншісі жұмыс орнын қимайды. Үшіншісі, қаражат, көшу мәселесі. Кейбір резервшілерге тіпті саяси лауазымдар да ұсынылған болатын. Ішкі себептеріне байланысты бас тартуда. Бірақ бұл жұмысты тоқтатпаймыз. Ары қарай жүргіземіз, – дейді ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісі алдыңғы резервшілерді жұмысқа толық орналастырып болмай жатып, жаңа іріктеу өткізген дұрыс па, әлде бұрыс па деген сұраққа жауап іздеп көрген еді.