Ақтөбе облысының полиция департаменті облыс орталығын дүрліктірген кісі өлімі туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
9 маусымда 55 жастағы әйел көлігін сату үшін автокөлік базарына барып, жоғалып кеткен. Жоғалған адамның туыстары полицияға жүгінеді.
"Осы өтініш бойынша жеке құрам дереу көтеріліп, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Қылмыс құрамының белгілерінің болуына байланысты ҚК - нің 99, 192 - баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді", - деп хабарлады облыс полициясы.
Полицейлер күдіктінің тұрғылықты жері бойынша гараждан ұрланған көлікті тапқан. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәртіп сақшылары сонымен қатар қала сыртындағы аумақты аралап, зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйітін тапты.
"Іс бойынша сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу полиция департаменті бастығының бақылауында", - деді Ақтөбе облысы ПД.
Полиция департаменті тергеу ПД бастығының бақылауында екендгін айтты.