×
474.26
514.48
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.26
514.48
5.43

Аягөздегі сарбаздың өлімі: анасы Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметіне сенбейді

15.06.2024, 10:44
31 арна

Аягөз қаласындағы 10810 әскери гарнизонында болған сарбаздың өлімі бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Ал оның туған-туыстары Қорғаныс министрлігінің ресми дерегіне күмәнданады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы  31 арнаға сілтеме жасап.

21 жастағы Өсербей Ақан биыл күзде оралуы тиіс еді. Айдың-күннің аманында ұлымыздан айырылдық деген сарбаздың туыстары оқыс оқиға болды дегенге сенбейді. 

Өсербай Ақан Алматы облысы Қарасай ауданының тумасы. Үйінде баланың үлкені. Былтыр күзде Отан алдындағы борышын өтеуге Аягөз қаласына кеткен. Марқұмның туған-туыстары баласының денесі техниканың астында қалғанына сенбейді. 

– Баламды көруге менің айғайыммен, ұрсуыммен әрең кірдік. Жалғыз өзімді мәйітханаға кіргізді. Көрдім. БТР-дың астына түсіп қалған дейді. Білмеймін. Балам сол қалпында жатыр. Егер де сондай ауыр техниканың астына түсіп қалса, езіліп қалмай ма? – дейді марқұмның анасы Бану Ақанқызы.

Қорғаныс министрлігінің ақпараты

Бқған дейін Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмғаны айтылғаны хабарланған еді. Қорғаныс министрлігі аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалғанын, кінәлі және лауазымды тұлғалар қылмыстық кодекс және тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатынын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары