×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Дзюдодан Еуропа кубогында қазақстандық спортшы чемпион атанды

Фото: olympic.kz

15 маусымда Словенияда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов жеңіcке жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Kazakhstan Judo Federation 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жарыстың алғашқы күні бес кездесу өткізіп, бесеуінде де жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Өз тобынан үздік шыққан Шерзод Давлатов жартылай финалда Нажи Дэвидті (Венгрия), ал финалда Словения спортшысы Дэвид Старкелден басым түсті.

Айта кетейік, Еуропа кубогіне 29 елден барлығы 324 татами шебері қатысып жатыр.