×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

Фото: Depositphotos

Биыл шілде айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биыл Астана күні - 6 шілде сенбіге түсіп тұр. Сондықтан бұл күнгі демалыс дүйсенбі, 8 шілдеге ауысады. Қазақстандықтар үшін 6, 7, 8 шілде күндері демалыс болады.

Сонымен қатар 13, 14 шілде, 20, 21 шілде, 27, 28 шілдеде, яғни сенбі-жексенбі күндері қазақстандықтар әдеттегідей демалады.

Сондай-ақ осы айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, бұл күндер де аталып өтеді. 

2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні.

7 шілде (шілденің бірінші жексенбісі) – Ұлттық домбыра күні.

9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні.

13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні.

14 шілде – Нотариат күні.

14 шілде (шілденің екінші жексенбісі) – Балық шаруашылығы қызметкерлері күні

21 шілде (шілденің үшінші жексенбісі)  – Металлург күні.

28 шілде (шілденің төртінші жексенбісі)  –  Сауда қызметкерлері күні.