Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, «Астана-Зеленостройдың» бұрынғы бас директоры алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Толығырақ
Ол алаяқтық әрекеті мен қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 15 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді.
Оған қоса, ол өз лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болған көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша атқарылған жұмыстардың құнын жоғарылатты деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада.
Сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды.