×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда жер телімін заңсыз пайдаланған 100-ден астам тұлға анықталды

Алматыда жер телімін заңсыз пайдаланған 100-ден астам тұлға анықталды
Фото: Pixabay

Алматы облысының прокуратурасы жер учаскелерінің мақсатын өзгерткені үшін жер пайдаланушылардың 1,5 млрд. теңге төлемеу дерегін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заң бойынша, мұндай әрекеттерді жасаған кезде жер учаскесінің иесі жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеуге міндетті.

Облыс бойынша осындай 100-ден астам жер иесі анықталды.

Қабылданған шаралар бойынша бүгінгі күні бюджетке 236 млн. теңге қайтарылды, қалған сома өндіріліп жатыр. Сонымен қатар 2024 жылы 2,5 млрд. теңге тұратын, аумағы 12,5 мың га пайдаланылмаған жер 155 учаскелері қайтарылды. Мысалы, 2020 жылы Қонаев қаласында бір кәсіпорынға гидроэлектростанция салу үшін аумағы 500 га 5 жер учаскесі берілді. Алайда құрылыс осы күнге дейін басталмаған. Тағы бір мысалда, Іле ауданында «Solid Cristal» ЖШС-ға 339 млн. теңге тұратын 38 га учаске берілді. Учаске алты жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмаған, - делінген ақпаратта.

Облыс прокуратурасының жүргізген шараларының арқасында бұл учаскелер мемлекеттік меншікке қайтарылды.

1 млн га жуық пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстары жүріп жатыр.