×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Елена Рыбакина 25 жасқа толды: Тоқаев теннисшіні құттықтады

Фото: wtatennis.ru

Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның туған күніне орай құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Оқи отырыңыз: «Бармақтай баққа зәру болған сәт» : Елена Рыбакинамен эксклюзив сұхбат

Уимблдондағы және басқа да беделді халықаралық жарыста тамаша жеңістеріңізбен қазақстандық теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз. Алдағы уақытта да жанкүйерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға және ілгерілетуге үлес қосатыныңызға сенімдімін. Сізге зор денсаулық пен құт-береке тілеймін, - делінген құттықтауда.

Елена Рыбакина

Ол 25 жасқа толды. Ол 1999 жылы 17 маусымда Ресей астанасы Мәскеуде туған. Қазақстандық кәсіпқой теннисші. Бес жасынан бастап осы спорт түрімен айналысқан.

2022 жылы Елена Уимблдондонда жеңіске жетіп, Үлкен дулыға турнирлерінің бірін бағындыра алған алғашқы қазақстандық теннисші болды.

2013 жылы қараша айында Всеволожскіде өткен жасөспірімдер тунниріне қатысты.

Квалификациядан өтті де, бірінші айналымда Вера Лапкоға есе жіберді.

2014 жылдың наурызында ол Альметьевскідегі турнирде жеңімпаз болды; мамырда ол Түркияда жасөспірімдер арасындағы екі турнирде тұсаукере кездесулерін өткізді (Enka ITF Junior Cup, Nazmi Bari Cup 2014), ал маусым айында Мәскеуде өткен Озеров кубогында ол финалда Блинковадан ғана ұтылды - 1:6, 2:6. Қараша айында Новокузнецк қаласында өткен Siberian Open турнирінде ол жекелей жеңімпаз және жұптық финалист болды.

2015 жылы Озеров кубогында Рыбакина алтын алқадан дубль жасап, жекелей де, жұптық та сында жеңіске жетті. Сол жылдың қыркүйегінде ол Grand Slam турнирінде дебют жасады; жекелей сында екі жеңіске жетті, үшінші кездесуде венгриялық Фанни Соллардан ұтылды.

2016 жылдың ақпанында ол Қазанда Ельцин кубогында, наурызда - Хорватияда өткен турнирде, қыркүйекте Канаданың жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионатында жұптық ойындарда жеңімпаз атанды.

Қазақстан атынан қашаннан бастап ойнайды

2018 жылдан бастап қазақстан атынан сынға түсіп жүр. 2019 жылдың шілдесінде Рыбакина теннистен Бухарест ашық чемпионатына қатысты, онда ол WTA бойынша бірінші титулын жеңіп алды. Финалда румындық Патрисия Мария Цигпен кездесті, турнирдің қожайыны матчта тек екі ойынға қатыса алды. Қорытынды есеп 6:2, 6:0. Елена бүкіл турнирде бірде-бір ұтылған жоқ. АҚШ ашық чемпионатында бірінші айналымда чехиялық Каролина Муховадан екі сетте ұтылды.

2020 жылдың күнтізбесінің басында Елена Рыбакина Шэньчжэньдегі турнирде ресейлік Екатерина Александровадан екі сетте жеңілді.

2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, төртінші орын алды, жүлдеге іліне алмады.

2022 жылы әйелдер арасындағы Уимблдон жарысының жеңімпазы атанды. Финалда ол үш сетте әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді.

2023 жылдың көктемінде WTA 1000 өткізген екі сайыста жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілді.

Маусым айында Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің 3-ракеткасы атанды.

2024 жылдың ақпанында ол WTA 500 аясында Абу-Даби турнирінің финалында ресейлік Дарья Касаткинаны жеңді.[

Серіктес жаңалықтары