Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КХДР-ға сапар Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның шақыруымен өтеді.
“Ресей президенті Владимир Путин 18 және 19 маусымда Солтүстік Кореяға "достық мемлекеттік сапармен" барады,” деп Кремльдің баспасөз қызметі.
Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Пхеньянға сапарында "ең маңызды, аса сезімтал мәселелер" талқыланады. .
Сонымен қатар, Ушаков Пхеньянда Ресей мен КХДР "халықаралық саясатта, экономикада және қауіпсіздік мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастықты "көздейтін жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қоюды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл құжат қазір әзірленіп жатыр.
"Егер оған қол қойылса, ол 1961 жылы, 2000 және 2001 жылдары қол қойылған негізгі құжаттардың орнына келеді", - деді Ушаков.
Ресей Федерациясына Солтүстік Корея қаруын жеткізутуралы
Украинаға толыққанды әскери шабуыл басталғаннан кейін Ресей оқшауланған Солтүстік Кореямен ынтымақтастықты күшейтті. Батыс елдерінің өкілдері Пхеньян Мәскеуге артиллериялық снарядтар мен зымырандарды жеткізеді деп санайды, оны Ресей Федерациясы Украинаны ату үшін пайдаланады. Ресей бұл ақпаратты растамады. Бірақ жоққа шығармады. КХДР Ресей Федерациясының қару-жарақ жеткізеді деген ақпаратты жоққа шығарды.
Путиннің Солтүстік Кореяға сапары кезінде Солтүстік Корея жұмысшыларын Ресейге жіберу де талқылануы мүмкін. Украинаға қарсы соғыстың салдарынан Ресей экономикасы жұмыс күшінің тапшылығына тап болды, өйткені көптеген ер адамдар майданға жіберіліп, олардың бір бөлігі әскери қызметтен құтылу үшін елден кетті.