×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қай қаланың жүргізушілері жол апатына көп түседі?

17.06.2024, 23:35
Қай қаланың жүргізушілері жол апатына көп түседі?
Әлеуметтік желіден

Jusan Garant сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайлары мен төлемдері туралы деректерге сүйене отырып, Қазақстан қалаларының рейтингін жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2024 жылдың алғашқы бес айында компания 14 753 жол апатынан зардап шеккендерге 7,25 млрд теңге төлеген.

Төлемдердің негізгі үлесі міндетті автосақтандыруға тиесілі. 7 млрд теңге  14 573 жол-көлік оқиғасы бойынша залалды өтеген. Орташа төлем жарты миллион теңгені құрады.

КАСКО бойынша сақтандырушы 167 апат үшін шамамен 200 млн теңге төлеген.

Апат бойынша қалалардың рейтингі:

  • Астана: Төлемдер: 1,5 млрд теңге. Жол-көлік оқиғасы: 3644
  • Алматы: Төлемдер: 1,4 млрд теңге. Жол-көлік оқиғасы: 2224
  • Шымкент: Төлемдер: 1,1 млрд теңге. Жол-көлік оқиғасы: 1733
  • Қызылорда: Төлемдер: 610 млн теңге, Жол-көлік оқиғасы: 1130
  • Өскемен: Төлемдер: 327 млн теңге. Жол-көлік оқиғасы: 831

Жол-көлік оқиғасының негізгі себептері

Оқиғалардың негізгі себептеріне жол бойындағы қашықтықты сақтамау, бағдаршамда тыйым салатын сигналдарды елемеу, жол белгілері мен бүйірлік аралықты сақтамау және көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану жатады.

Сақтандыру компаниясы жүргізушілерді жолдарда мұқият болуға және апаттар мен автомобильдерге зақым келтірмеу үшін жол ережелерін сақтауға шақырады.