×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова дүние салды

Фото: МАМ

Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі растады.

Қазақ КСР-нің халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова Алматы облысында дүниеге келген.

1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін бітірген. Сол жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Қайраткер тұлға асыл өнерді қастерлеудің озық үлгісін көрсетіп, өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті театрына аянбай қызмет етті. Актрисаның әсем дауысы, сұлу бейнесі мен шынайы сомдаған кейіпкерлері мәңгі халық жадында қалары сөзсіз. Ардақты жанның ғибратты ғұмыр жолы ешқашан ұмытылмайды. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, – делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары