Зардап шеккендердің денесінің 5-тен 13% - на дейін күйіп қалған. Төрт адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Диапазон" таратқан ақпаратқа сәйкес жазатайым оқиға Ақтөбе ферроқорытпа зауытында 19 маусымда болған. Зауыттың бес қызметкері күйіп қалған.
Жедел жәрдемнің екі бригадасы оқиға орнына жеткен.
"42 жастағы ер адамның бетін, екі білегін күйік шалған. Оны облыстық ауруханаға жеткізді, ауруханаға жатқызудан бас тартты. Қолы күйіп қалған төрт адам ауруханаға АЗФ медбикесінің сүйемелдеуімен қызметтік санитарлық көлікте әкелінді. Науқастар дененің 5-тен 13 пайызына дейін күйіп қалған, олар травматология бөлімінде ем алады", - деді облыстың денсаулық сақтау басқармасы.
ТЖД мәліметінше, кәсіпорында өрт болған жоқ.