×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

«Бірінші тиісіп көреді, үндемесе қайталайды»: психолог зорлыққа бейім адамның бейнесін сипаттады

20.06.2024, 15:24
Фото: Ашық дереккөзден

Психолог Балабек Сақтағанов отбасында зорлық-зомбылыққа бейім адамның бет-бейнесін сипаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Психолог не дейді

«ОЯН!» бағдарламасында қонақта болған психолог Балабек Сақтағанов психикалық, психологиялық ақауы бар адамдар агрессияға бейім келетінін айтады.

«Ондай азаматтар агрессияға бейім, абюзер болады. Ойынқұмарлыққа, алкогольге, нашақорлыққа бейім келеді. Көктемде, күзде психикасы жылдам қозады. Әртүрлі жағдайда отбасында зорлық-зомбылық көрсетуге бейімделіп тұрады», - дейді ол.

Психолог қазір қоғамда осындай азаматтардың мәселесінде себеппен емес, салдармен күресіп жатырмыз деп есептейді. Айтуынша, “жылтырағанның бәрі алтын емес”. Адамның ішінде не барын, масканың ішінде не жатқанын ешкім көріп, біле алмайды.

«Отбасын құратын азаматтар бір ай болса да, психологиялық кеңестен өтуі керек. Сонда ғана әрбір адамның мінез-құлқы қандай, зорлық-зомбылыққа бейім бе, қарым-қатынаста қандай әрекеттер жасауы мүмкін – осының бәрі анықталады да, отбасылық деңгейде ары қарай бірге өмір сүру үшін бірге әрекет ету амалдарын анықтап алған өте маңызды», - дейді ол.

Психологтың айтуынша, зорлыққа бейім адамдарға кезінде назар жетіспей қалған. Бұл үрдіс адам бойында бейсаналы түрде жүреді.

«Психологияда былай: кейбір адамдар бір кісіні көрсе ерекше ықылас танытып, сол адамды жақсы көріп тұруы мүмкін. Не үшін екенін білмейді. Тура сол сияқты еш зиянды әрекет жасамаса да, сіз бір адамды жек көріп тұруыңыз да ықтимал. Неге ұнамайтынын сіз түсіндіре алмайсыз. Бейсаналы әрекет деген сол. Назар жетпей қалған адамдар әртүрлі манипуляциялық әрекеттерге барады, қорқытады, алдайды, ұрады», - дейді ол.

Балабек Сақтағанов назардың жетіспеуі бала кезден басталатынын атап өтеі. Әке-ананың жылуы аз бөлінген балаларда назардың жетіспеуі байқалады. Отбасын құрғаннан кейін өзіне көңіл аударғанын қалайды. Егер жолдасының назары дұрыс болмаса, алдымен ұрсысуы мүмкін, қатты сөйлеуі мүмкін. Ары қарай қол жұмсауы ықтимал.

«Жолдасының қарсы реакциясы болмаса, ол азаматтарда бұл әрекеттер дағдыға айналады. Өйткені ер адам болсын, әйел болсын – манипуляцияны жақсы біледі. Бірінші тиісіп көреді, ешқандай реакция болмаса, қайталана береді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық осылайша, бес жыл, он жыл бойына созылып кетуі мүмкін», - дейді ол.

Агрессорлар көбейіп кетті ме

Экс-министр Бишімбаевтың әйелін ұрып-соғып өлтіруі, үйінің күзетшісін көлігімен қағып, кейін ұрғылап өлтірген алматылық азамат, көшеде бір келіншекті соққыға жығып, шашынан сүйреген еркек, саябақта  отырған қызға тарпа бас салған азамат... Тізе берсеңіз өте көп. Соңғы уақытта әлімжеттік көрсеткен агрессорлардың видеолары көп жатыр. Бұған көз үйір болған ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керіс, ата-аналардың, мұғалімдер мен тәрбиешілердің балаларға көрсететін зәбірі, оқушылар мен солдаттар арасындағы зорлық оқиғаларын қосыңыз. Қоғамда өшпенділіктің осыншалықты өршуіне не себеп? Неге кей адамдар қатігез? Осы сияқты бірнеше сұрақты әртүрлі ғылым өкіліне қойдық.Ulysmedia.kz зерттеу материалы.   

Серіктес жаңалықтары