×
$
444.58
510.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.58
510.29
5.27

Жамбылда қаза болған Мәдинаның күйеуі марқұмның анасына немересін көруге рұқсат бермеді

Бүгін, 11:40
Жамбылда қаза болған Мәдинаның күйеуі марқұмның анасына немересін көруге рұқсат бермеді
Ulysmedia коллажы

Бұрынғы күйеуінің отбасы Мәдинаның анасын баласына жолатпай, мәселені сот арқылы шешуге жіберген. Қыздың өліміне қатысты сараптама да аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қайтыс болған Мәдина Рашидқызының анасы адвокатымен бірге немересін көру үшін барған. Алайда кездесу болмаған. Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев хабарлады.

Мадиярдың, яғни марқұмның бұрынғы күйеуінің отбасы оларға баланы көруге мүмкіндік бермеген. Олар енді бұл мәселені сот арқылы шешу керек екенін айтқан.

Осы уақытта 19 жастағы Мәдинаның өліміне қатысты іс бойынша сараптама аяқталды. Сарапшылардың қорытындысы дайын, алайда оның мазмұны әзірше жарияланған жоқ.

Оқиға жайы

Бұған дейін 19 жастағы Мәдина Рашидқызының Жамбыл облысы Меркі ауданында өлі күйінде табылғаны туралы жазған едік.

Қайтыс болардан аз уақыт бұрын ол құрбысына күйеуінің ұрып-соққанын айтып, шағымданған. Мәдина заттарын жинап, ажырасқысы келген. Сондай-ақ жалдамалы баспанаға шығу үшін құрбысынан 15 мың теңге қарыз сұраған.

Марқұмның артында сегіз айлық ұлы қалды.

Полиция бұл істі өзін-өзі өлтіруге жеткізу бабы бойынша тергеп жатыр. Ал марқұмның анасы қызының өлімі қолдан ұйымдастырылған деп есептейді.