×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркияда заңсыз ұсталған 3 жасар қазақстандық елге оралды

Түркияда заңсыз ұсталған 3 жасар қазақстандық елге оралды
Фото: ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР азаматы 3 жасар қыздың өз анасына оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Баланы Түркия Республикасының аумағында үшінші тұлғалар заңсыз ұстаған.

Кішкентай қызымыздың аман-есен оралуы үшін орасан зор жұмыс атқарылды. Барлық құзыретті органдар осы процеске тартылып, дипломатиялық арналар арқылы тиісті хаттар жіберілді. Сондай-ақ, көптеген кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Бұл барлық қатысушы тараптардың үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында мүмкін болды. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын әрбір бала қорғаусыз қалмайды. Біз балалардың туған елінде қауіпсіз әрі сүйіспеншілікке толы ортада өсіп-өркендеуі үшін бар күшімізді саламыз. Барша қатысушы тараптарға осы маңызды істегі қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз, - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.