Украина бас прокуратурасының мәліметінше, қазақстандық журналист Айдос Садықовқа шабуыл жасады деген күдіктілер 2 маусымда Польшадан келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Украина бас прокуратурасы қазақстандық журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандықтың мән-жайын жариялады. Күдікке ілінген екеу - Қазақстанның Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев деген азамттары. Оларға іздеу жарияланды.
Толығырақ
Күдіктілер журналист Айдос Садықовты өлтіруді мұқият жоспарлағаны нақтыланды. Олар Украинаға 2 маусымда Польшадан келіп, көлікті жалға алып, журналисті бақылаған.
Қастандық жасалған күні олардың бірі журналистің көлігіне барып, оқ жаудырған. Екіншісі аңдып тұрған. Содан кейін екеуі де қылмыс орнынан із жасырып кеткен.
Сол күні олар Молдоваға өтіп кеткен. Сот оларды сырттай қамауға алды.
Салдары
Жағдай туралы Қазақстанның Бас прокуратурасында да түсініктеме берді.
– Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.
Қазақстанның бас прокуроры Украинаның қадағалау ведомствосы басшысының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, жәрдем көрсету ұсынысымен жүгінді.
Шабуыл
18 маусымда Украина астанасында қазақстандық журналист Айдос Садықовқа қастандық жасалды.
Оның әйелі Наталья Садықова Facebook-те қастандық босқын мәртебесінде берілген үйінің жанында болғанын хабарлады. Украинаның ұлттық полициясының Киевтің Шевченков ауданындағы атыс туралы хабарламасында орындықтың терезесі сынған қараңғы кроссовердің суреті жарияланған. Оқиға орны қызыл және ақ лентамен қоршалған.
Украинаның бас прокурорының кеңсесі журналисті қасақана өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.