×
472.57
508.34
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.57
508.34
5.4

«Қазақ футболында жемқорлық бар екенін бәрі біледі»: Футболшы қанша жалақы алатынын айтты

Фото: kazfootball.kz

Футболшы Димаш Қашкен қазақ футболының деңгейі төмен екенін, ол не үшін дамымай отырғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

YouTube-арналардың біріне берген сұхбатында ол қанша жалақы алатынын да жасырмады. 

Табысты негізі айтпайды ғой. Бірақ аз береді деп айта алмаймын. Айына 10 миллион, кейде 15-20 миллионға дейін беріп жатады. Жас футболшылардың ішінде 1 млн теңге алатындар бар. Бірақ мен тек доп теуіп қана күн көріп отырған жоқпын. Серіктесім екеуміз Қытай мен Ресейден телефон әкеліп сатамыз. Жеткізушілер жақсы баға ұсынғасын, келісім бердік. Негізі табысым деп осы бизнесімді айта едім, – деді Димаш Қашкен.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында клуб футболшылары бірнеше айдан бері жалақы ала алмай жүр

Сондай-ақ ол қазақ футболшыларына жағдай жасалмағанын, бұл салады жемқорлық бар екенін жеткізді. 

Қазақстанда футболдың даму деңгейі өте төмен. Қиын жағдайда тұр десем де болады. Сондықтан бірден шетелге шыққан дұрыс. Жыл өткен сайын Қазақстандағы футболдың деңгейі төмендеп барады. Қазақстандық, шетелдік футболистерге жағдай жасалмаған. Футболда жемқорлық бар екенін бәрі біледі, бірақ ештеңе істемейді, – деді Димаш Қашкен. 

Серіктес жаңалықтары