Қазгидромет мекемесі алдағы екі күннің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанда қатты жаңбыр мен бұршақ жауады – Қазгидромет
Болжамға сәйкес, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел соғады. 22-24 маусым аралығында синоптиктер бұл аймақтарда бұршақ жауады деп болжайды.
– Елдің батысы мен шығысында температура күндіз 35-39 °С дейін, солтүстік-батыста — 22-30 °С дейін, оңтүстікте — 30-38 °С дейін, оңтүстік-шығыста — 25-38 °С дейін, солтүстікте — 23-36 °С дейін көтеріледі, – деп болжайды Қазгидромет.
Қазгидромет мұның алдында Қазақстанның бес облысында алдағы 10 күнде атмосфералық құрғақшылық басталатынын хабарлады. Олар:
Сондай-ақ, синоптиктердің болжамына сәйкес, бірқатар облыста қатты жылу және өрт қаупі күтіледі.