×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Суға бір түсіп кеткен»: ҚазҰУ фонтандағы жас жігіттің өлімі жайлы

22.06.2024, 09:55
«Суға бір түсіп кеткен»: ҚазҰУ фонтандағы жас жігіттің өлімі жайлы
ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу орны аумағындағы 17 жастағы бозбаланың өліміне түсініктеме берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚазҰУ операциялық қызмет жөніндегі проректоры Еркін Дүйсенов журналистерге университет аумағы режимдік объект емес екенін, бөгде адамдарға кіруге тыйым сала алмайтынын айтты.

– Олар бірнеше адам болып келді, бірақ біреуі шомылу үшін суға өзі түсіп кеткен. Соған қарамастан, оны субұрқақтан жолдастары шығарып алған. Өлімнің себебі, мен атап өткендей, сот-медициналық сараптама нәтижесінде көрсетіледі. Біздің аумақ – режимді нысан емес. Бізде тұрғын үй секторы да бар. Бізде кітапхана бар. Басқа заттар да. Фараби қаласы көкпеңбек аумақ – тұрғындар келеді. Мұнда демалатын орын бар. Біз барлық ниет білдірушілерге өз аумағымызға кіруге тыйым сала алмаймыз, - дейді ол.

Жас жігіттің өлімі

20 маусымда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақтың жанынан жас жігіттің денесі табылды. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталғанын хабарлаған.

Мәжіліс кулуарында журналистер ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен Алматыдағы субұрқақта көз жұмған жас жігіттің өлімі жайлы сұраған. Министр өлімнің болжамды себептерін айтқан еді.