Қазақстаннан барған турист Помпеидегі біздің заманымызға дейін ІІ ғасырда іргесі қаланған "Цей" үйінің қабырғасына атын жазып қалдырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы euronews-ке сілтеме жасап.
Қазақстаннан барған турист таңертең Помпей археологиялық саябағындағы Цей үйінің қабырғасынаа "ӘЛИ" деп есімін ойып жазған. Осы кезде қауіпсіздік қызметі оны көріп қойған.
Туристтің әрекеті карабиньерлерге хабарланған. Зиян шығыны бағалағаннан кейін ол келтірілген залалды өтейтін болады.
Саябақ директоры Габриэль Зухтригель туристер қабырғаны қалпына келтіру үшін ақы төлеуі керек дейді.
Бұған дейін Қазақстаннан барған туристер Грекиядағы аралды өртеп жібергені хабарланған болатын.