×
475.18
510.72
5.47
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.18
510.72
5.47

Меккедегі жүздеген адамның өлімі: алты себебі айтылды

23.06.2024, 13:54
ашық дереккөзден

Биыл Эр-Риядтағы дипломаттарға сілтеме жасаған әлемдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Меккедегі қажылық кезінде кемі 922 адам қайтыс болған. Олардың басым көпшілігі ыстықты көтере алмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қажылық

Қажылық (араб.: حَجّ‎ хаддж) – Ислам дiнiндегі бес парыздың бірі. Шариғат бойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана парызын өтей алады. Оның парыздығы қасиеттi Құранда «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят) деп ұқтырылса, хадис шарифте: «Ислам бес негiзге құрылған: Алла Тағаладан басқа тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Байтуллаға қажылыққа бару» делiнген.

Биыл қанша адам барды

Ресми мәліметтерге сәйкес, қажылыққа биыл 1,83 миллионға жуық адам барған. Олардың 1,6 миллионнан астамы шетелден келген.

Өлімнің себептері

ВВС агенттігі сол жақта болған адамдармен сөйлесе келе көп өлімнің бірнеше себебін атап көрсетеді.

Бірінші себеп – қатты ыстық.

Негізгі фактор да осы екені айтылады. Меккеде бұл жолы көлеңкедегі ауа температурасы 51 градустан жоғары болған және тек түнде кейде 40-тан төмен түскен.

Адамдардың көптігі мен санитарлық мәселелер

Қажылардың көбі биыл сол жақта жүріп-тұрудың қиындығына шағымданған. Шатырлар толып кеткен. Сонымен қатар кейбір жерде салқындату жүйесі немесе ванна бөлмелері болмаған.

Жол мәселесі

Кейбір мәліметтерге сәйкес, биыл қажылық кезінде қажылар аптап ыстықта көп жаяу жүруге мәжбүр болған. Қажылардың бірі жеті шақырым көлеңкесіз және бір тамшы сусыз жүріп, жол кедергі  көптігін айыптаған.

Медициналық көмек кешіккен

Кейбір қажылар медициналық көмектің жоқтығына шағымданған. Олар жедел жәрдем көліктерін ұзақ күтіп, кейбірі медицина қызметкерлерінің немқұрайлы болғанын айтқан.

Құжатсыз қажылар

Қажылық визасыз қажылыққа барудың қаупі бар . Ресми құжаттары жоқ қажылар көмекке мұқтаж болса да, билік өкілдерімен байланысқа шықпауы мүмкін. Бұл адамдар ағынын басқаруды және медициналық көмек көрсетуді қиындатады.

Егде жастағы, әлсіз немесе науқас қажылар 

Көп қажы қажылықты өмірінің соңына қарай жасайды. Көбінесе өмір бойы кейінге қалдырады, кейде қажылық кезінде өлу бақытына ие болсам деп үміттенеді. Мысалы, көп мұсылман еліндегі қауым қажылық кезінде өлімді үлкен сәттілік деп санайды, өйткені бұл марқұмға ерекше мәртебе береді деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары