×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесі азайды

23.06.2024, 15:29
Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесі азайды
Ашық дереккөзден

Қоғамдық саясат институты Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілер туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сарапшылардың айтуынша, 2024 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 83 мың адамды құрады. Олардың орташа жасы - 39-40 жыл, жұмыс өтілі - 10-12 жыл.

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі тұрақты және 55,5% құрайды, оның 39,2% басшылық лауазымдарда.

Жастардың үлесі 2018 жылғы 24,6%-дан 2022 жылы 17,8% дейін төмендеді.

Сондай-ақ институтта мемлекеттік қызметшілердің 68% некеде тұрғанын айтты. Олардың ішінде:

42% - 35 жасқа дейінгі жастар.

30,5% — орта жастағы адамдар (36-45 жас).

27,3% - егде жастағы адамдар (46-63 жас).

Мемлекеттік қызметшілер отбасыларының 64% - дан астамының балалары бар, олардың 14% - ы көп балалы ата-аналар.

Еске сала кетейік, 23 маусымда Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтіледі. Тоқаев құттықтауын әлеуметтік желілерде жариялады.