×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«47 жасында дымсыз қалды»: Баян Алагөзова күйеуі Тұрсынды 6 жыл асырағанын айтты

«47 жасында дымсыз қалды»: Баян Алагөзова күйеуі Тұрсынды 6 жыл асырағанын айтты
Фото: instagram/tursen_alaguzov

Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен ажырасқан соң, 47 жасында компаниясынан айырылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша, олар 6 жыл бойы продюсердің табысына өмір сүрген.

Тұрсын 47 жасында дымсыз қалды. Ажырасқан соң дүние-мүлікті бөлісті. Сот процесі өте ұзақ жүріп, ақыры компания түгел бұрынғы әйеліне өтті. Осылайша ол ірі компаниясынан, табысынан қағылды. Тікұшағынан, кемесінен айырылып, қарапайым күйге түсті. 6 жыл бойы менің табысыма өмір сүрдік, - дейді продюсер.

Еске салсақ, танымал продюсер Баян Алагөзова оқырмандары тарапынан тағы да сынның астында қалғанын хабарлаған болатынбыз.