×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

«Мұнайы жақсы елдің еті жаман ба»: ТШО ірі-қара етін Аргентинадан сатып алады

24.06.2024, 15:28
Коллаж: ulysmedia.kz.

Теңізшевройл компаниясы Қазақстанның етін алмай, Аргентинадан ірі қараның етіп сатып алып жатыр. Сонда мұнайы жақсы елдің еті жаман ба? Мұндай мәселені бүгін Мәжілісте депутат Болатбек Әлиев көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат не дейді?

Болатбек Әлиев осы мәселені көтере келе “біздің қазақтың еті сонда жарамай ма?” деп мәселе көтерді.

– Қазақстанның өнімі алынуы керектігі неліктен бақыланбайды? Қаржы министрлігі неліктен қадағаламайды? – деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа жауап берген құрылыс және өнеркәсіп министрлігінің өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев ірі жер қойнауын пайдаланушылар ішкі бағдарламаларын бекітетінін айтады.

– Сол бағдарламалар шеңберінде ет мәселесін уәкілетті органдармен бірге пысықтайтын боламыз. ТШО бойынша, – деді Панбаев.

Ал қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында сатып алу ережелеріне тиісті ережелер енгізілгенін хабарлайды. 

– Мемлекеттік сатып алуды әзірлеген кезде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау қамтылған. Мемлекеттік органдар осы өзгерістер шеңберінде ары қарай жұмысты жалғастырады. Бұл тек мемлекеттік сектор мен квазимемлекеттік секторға байланысты, – деді ол.

Болатбек Әлиев екі шенеунік те дұрыс жауап бермегенін айтты. Ол қазақ шаруаларының еті тұрғанда Аргентинадан ет алудың қажеті жоқтығын айтты.

Ауыл шаруашылығы вице-министрінің жауабы

Ulysmedia.kz тілшісі отырыстан кейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннен мәселенің мән-жайын сұраған. 

– Қазақстанның өз еті ірі қара болсын, қой еті болсын жетеді. 100 пайыздан астам өз-өзімізді қамтамасыз етіп отырмыз. Бұл жердегі мәселе – еттің бағасында. Аргентинада малды өсіруде біздегідей шығын жоқ. Олар жыл бойы жайыла береді. Сондықтан, бағасы өте төмен. Біздің климаттық жағдайға байланысты жем-шөбі, қорасы бар – өзіндік құны қымбат. Арзан болғаннан кейін сол жақтың еті келеді, – дейді ол.

Бердалиннің айтуынша, Аргентинаның еті Қазақстанға көлемді түрде келмейді. ТШО-ның асханасына ғана келеді.

Серіктес жаңалықтары