×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Олигарх Турлов Шымкенттегі телекоммуникация компаниясын 1,1 млн долларға сатып алды

24.06.2024, 19:05
Олигарх Турлов Шымкенттегі телекоммуникация компаниясын 1,1 млн долларға сатып алды
Коллаж Ulysmedia

Freedom Holding телекоммуникация бизнесіне алдағы бес жыл ішінде 650 миллион доллар жұмсауға дайын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тимура Турловқа тиесілі Freedom Holding Corp Шымкент телекоммуникация компаниясы "DITel"ЖШС-ны 100% қатысу үлесін сатып алды. Бұл мәміле 2024 жылдың басында аяқталды, деп жазады Forbes Kazakhstan.

Компания жайлы не белгілі 

DITel телекоммуникация қызметтерін ұсынады, 2019 жылдың қыркүйегінде құрылған.

– Құрылтайшылардың тізіміне сүйенсек, ол бұрын екі жеке тұлғаға тиесілі болған. Олар: құрылғаннан бастап 11 ай ішінде Дмитрий Сабазов, 2020 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қаңтарына дейін Тимур Телешев. Сабазов қазір "Freedom Telecom" ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, Турловтың негізгі телеком-активі, - делінген басылымда.

Салықтар

Авторлар бес жыл ішінде компания 67,7 млн теңге салық төлегенін жазады. Компания — мемлекеттік сатып алуға қатысушы. 

– 2021-2024 жылдары 10 келісімшарт және екі қосымша келісім бойынша жалпы сома 5,9 млн теңгені құрады (сатып алу нысанасы — жалпы білім беретін орта мектеп үшін интернетке қолжетімділік және Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы)", - делінген басылымда.

Турлов

2024 жылдың қаңтар айынан бастап DITel құрылтайшылар тізімінде жаңа жалғыз қатысушы — Freedom Kazakhstan жеке компаниясы бар. Freedom Holding Corp бұл компанияны өзінің телекоммуникация бизнесін басқару үшін арнайы құрған.

Freedom Телеком-бизнесі алдағы бес жыл ішінде 650 миллион доллар жұмсауға дайын. 2023 жылдың желтоқсанында холдинг AIX-те 5 жылдық долларлық облигацияларды орналастыру арқылы бұл үшін 200 млн жинады. Бұл – жалпы "салмағы" $1 млрд болатын облигациялық бағдарламаның алғашқы траншы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тимур Тұрлов Қазақстанда алтын өндіретіні белгілі болған болатын.