Көкжөтелге шалдыққандардың басым көпшілігі — екпе салдырмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, көкжөтел, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қауіпті. Егер дер кезінде екпе жасалмаса, аса қауіпті вирус ауыр түрде өтеді тіпті өлімге әкеледі.
“Көкжөтелден қорғанудың бір ғана жолы бар — вакцинация. Қазіргі таңда екпе 2екі айдан басталады, содан кейін балалар бір жасқа толғанша қатарынан үш рет екпе алады. Еуропалық сападағы вакцина. Өндірушісі — Франция. Сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Жалпы стастиканы қарасаңыз, науқастардың 90 пайыздан астамы — екпе алмаған,”- деді ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, он науқастың төртеуі ауруға төтеп бере алмай көз жұмуы мүмкін.
Жалпы жыл басынан бері Қарағанды мен Ұлытау облыстарында көкжөтелге қарсы екпе салдырмаған екі бала қайтыс болды. Ай сайын елімізде 400-ге дейін осы дертті жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр.