×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

WestOilSoftware компаниясы Маңғыстауда басшылардың туыстарына жалақы төлеп келген

25.06.2024, 10:34
Коллаж: ulysmedia.kz.

Маңғыстау мұнай кәсіпорындарында 1 млрд теңгенің жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz прокуратураға сілтеме жасай отырып.

Маңғыстау прокуратурасы экономикалық тергеу департаменті мен антикор бірлесіп, мұнай-газ саласындағы бес кәсіпорынға тексеру жүргізді.

– ОйлТранспортКорпорейшн" ЖШС ("ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары жеткізушіден 1,5 млрд теңгеден астам сомаға техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды. Олардың құны 400 млн теңгеге көтерілген.

Жұмыс істемейтін арнайы техника қызметтері үшін 110 млн теңге аудару фактілері ашылды.

"West Oil Software" ЖШС 

West Oil Software-дде (ОйлТранспортКорпорейшн" ЖШС мердігерлік ұйымы) жұмыс істемеген адамдарға, оның ішінде компания басшылығының жақын туыстарына 400 млн теңгеден астам жалақы төлеу фактілерін анықтады.

Тергеу

Сотқа дейінгі бес тергеу амалы ҚР ҚК 189 бабы баптың 4-бөлігі бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе ысырап ету) басталды.

Ұйымдардың төрт басшы лауазым иесі ұсталды.

Қылмыстық істер экономикалық тергеу департаментінің қарауында жатыр.

Серіктес жаңалықтары