Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан аумағында 13 937 шетелдік азамат еңбек ететінін хабарлайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 14 мыңға жуық шетелдік жұмыс істейді. Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар 1789 компания тіркелген. Бұл компаниялардың жұмысшыларының бір пайызынан азы - шетелдіктер.
Шетелдіктердің көпшілігі құрылыс саласында жұмыс істейді (4 403 адам). Екінші орында – ауыл, орман және балық шаруашылығы (1817 адам).
Сондай-ақ, шетелдіктер тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда, өңдеу өнеркәсібінде еңбек етеді. Ғылыми және техникалық қызметпен айналысады.
Олар қайдан келеді
Еңбек мигранттарының негізгі елдері: Қытай (3 938) адам, Үндістан (1 145) адам, Түркия (1 101 адам), Өзбекстан (1 919 адам).
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда үш мыңнан астам шетелдіктің басшылық лауазымдар атқаратыны хабарланған болатын.
Сондай-ақ, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат қандай шетелдік мамандарға қолжетімді екені белгілі болды.