Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында төрт адамның ұсталғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҰҚК хабарламасы
Комитет 2024 жылдың 26 маусымында Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жүргізген. Соның нәтижесінде “терроризмді насихаттады” деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстаған.
Алдын ала деректер
Алдын ала деректер бойынша, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Іс қозғалды
Осы факт бойынша қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.