×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Тоқаев: БҰҰ Жарғысының сақталуын табанды түрде жақтайды

27.06.2024, 12:18
Ақорда

Президент Ақордада БАҚ өкілдерін құттықтап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

БАҚ өкілдерін құттықтау сөзінде мемлекет басшысы сыртқы саясат мәселесіне тоқталған.

- Қазақстан көпжақты ынтымақтастыққа бейіл. Сондай-ақ қазіргі халықаралық құқықтың негізі ретінде БҰҰ Жарғысының сақталуын табанды түрде жақтайды. Сыртқы саясатта біз ұлттық мүддені басты орынға қоямыз. Барлық даулы мәселені тиімді мәміле негізінде шешуді қолдаймыз, – дейді ол.

Тоқаев биыл Қазақстанда халықаралық шаралар көп өтетінін, келесі аптада Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті болатынын атап өткен.

- Мұны кейінгі бірнеше жыл ішіндегі жоғары деңгейде өтетін аса маңызды халықаралық форумдардың бірі десек, артық айтқандық емес. Саммитке дүниежүзі халқының жартысына жуығы тұратын мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ ықпалды халықаралық ұйымдардың жетекшілері, соның ішінде БҰҰ Бас хатшысы қатысады. Мұндай ауқымды шараның өткізілуі еліміздің жаһандық аренадағы беделінің зор екенін көрсетеді, - дейді ол.

Қазақстан биыл ШЫҰ-дан басқа тағы бес халықаралық құрылымға төрағалық етіп отыр. Мұны президент қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік» деп атайды.

Серіктес жаңалықтары