×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандағы АЭС: референдум күзде өтеді

27.06.2024, 12:49
Қазақстандағы АЭС: референдум күзде өтеді
Коллаж Ulysmedia

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне байланысты референдум күзде өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

АЭС бойынша референдум

БАҚ өкілдерін құттықтау барысында президент атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналғанын атап өтті.

– Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды, – деді Тоқаев сөйлеген сөзінде.

Президенттің айтуынша, Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескеріп, олардың күдігін түсінуге болатынын айтады.

– Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем, – дейді ол.

Мемлекет басшысының сөзінше, атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе.

– Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз, – деп түйді сөзін Тоқаев.

АЭС-ті қай мемлекет салады

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі әлі де күн тәртібінен түскен жоқ, жуық арада түсе де қоймайтыны анық. Әуелі АЭС құрылысы жайлы сөз болғанда жұртшылықтан қолдаудан гөрі қарсылық көп болған. Үлкен ауылындағы бір тыңдаудан кейін билік те референдум өткізбей, шешім қабылдау қиын екенін түсінсе керек. Тоқаев "референдум өтеді" дегелі алты ай өтіп кетті. Оның өтер күні әлі белгіленген жоқ.

Ulysmedia.kz тілшісі осы тақырыпта Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы Тимур Жантикинді сөзге тартып көрген еді.