×
$
445.65
508.71
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
445.65
508.71
5.3

Цифрландыру саласынан Қорғаныс министрлігіне: Бекманов жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 09:24
Цифрландыру саласынан Қорғаныс министрлігіне: Бекманов жаңа қызметке тағайындалды
Ulysmedia коллажы

Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Бекманов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Тиісті құжатқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

 

– Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген құжатта.

Дәулет Бекманов

Бекманов 1983 жылғы 20 қарашада туған. 2004 жылы «Мирас» университетін «Информатика» мамандығы бойынша, ал 2010 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Медиа Софт Астана» ЖШС-да инженер-жүйелі техник болып бастаған. Кейін Ұлттық архивте, «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС-да және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да қызмет атқарған.

2011–2018 жылдары Байланыс және ақпарат министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі, Байланыс және ақпарат агенттігі, Инвестициялар және даму министрлігі және Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

2018–2020 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды. 2020–2023 жылдары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетін басқарды.

2023–2025 жылдары «Қазпошта» АҚ-да Пошта сервисі және мемлекеттік қызметтер жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды.

Ал 2025 жылғы 2 шілдеден бері «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып келді. Компанияның ресми деректерінде де Бекманов осы қызметте көрсетілген.