×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда энергетиктерге жартылай тыйым салынады

27.06.2024, 14:36
Қазақстанда энергетиктерге жартылай тыйым салынады
ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев заң күшіне енгеннен кейін энергетиктерді 21 жасқа толмаған адамдарға сатқан сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бұл норманы жыл соңына дейін енгізуді жоспарлап отырмыз. Министрлік реттеушілік әсерге талдау жүргізеді. Барлық құжаттама Ұлттық экономика министрлігіне жіберілген. Олар қорытындыланғаннан кейін мәселе ведомствоаралық комиссияға, содан кейін Мәжіліске жіберіледі. Онда әкімшілік бұзушылықтар жөніндегі жоба қаралады. Егер шешім қабылданса, келесі жылдың қаңтарында заң күшіне енеді. Бізде осындай жоспар бар, – деді Жандос Бүркітбаев.

Бұған дейін министрлік елімізде ересек тұрғындардың 21%-ы темекі тартады, балалардың 20%-ы артық дене салмағынан, ал 6%-ы семіздіктен зардап шегетінін айтқан еді.

«11-15 жастағы жасөспірімдердің вейптерді тұрақты түрде шегуі - 10%-ды, энергетикалық, тәтті сусындарды ішуі - 17,5%,  артық дене салмағының таралуы 15%-ды құрайды», - деді экс-министр Ғиният.  

Ол темекіні тұтынуды азайту үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілетінін атап өтті.