×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін

26.09.2023, 10:53
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің мәліметінше, елімізде ересек тұрғындардың 21%-ы темекі тартады, балалардың 20%-ы артық дене салмағынан, ал 6%-ы семіздіктен зардап шегеді.

«11-15 жастағы жасөспірімдердің вейптерді тұрақты түрде шегуі - 10%-ды, энергетикалық, тәтті сусындарды ішуі - 17,5%,  артық дене салмағының таралуы 15%-ды құрайды», - деді Ғиният.  

Ол темекіні тұтынуды азайту үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілетінін атап өтті.

«Тұтынудың электрондық жүйелерінің (вейптер), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салуды енгізу бойынша Мәжілісте Заңға өзгерістер қарастырылды. 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте қауіпті энергетикалық сусын өндірілгені анықталған.

Серіктес жаңалықтары