×
471.46
504.79
5.53
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.46
504.79
5.53

Гранттар мен сыйлықтар: Тоқаев Ақордада қай журналистерді марапаттады

27.06.2024, 14:47
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистика және телевизия саласындағы бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кімдер марапатталды

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

  • «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;
  • «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;
  • «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;
  • «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

  • «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;
  • «Хабар» агенттігі» АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;
  • «Jibek joly» телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;
  • «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

  • «24KZ» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
  • «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына;
  • «Baqkz» ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына;
  • «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.

БАҚ қызметкерлері күні

Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі. Осыған дейін «Журналистер күні» маусымның соңғы жексенбісінде бейресми аталып келген болатын. Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тапсырма беріп, Қазақстандағы журналистер күнін ресми түрде бекіткен болатын. Үкіметтің қаулысымен 28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі ретінде белгіленді.

Серіктес жаңалықтары