Жаһандық гендерлік алшақтық есебінде Қазақстан 16 позицияға төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Биыл Жаһандық гендерлік алшақтық есебінде Қазақстан 146 мемлекет арасында "Саяси құқықтар мен мүмкіндіктер" көрсеткіші бойынша 116-орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда, 16 позицияға төмендеді. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең төменгі рейтинг.
Рейтингке әсер ететін факторлардың бірі - қазақстандық әйелдердің шешім қабылдау деңгейінде, Үкімет құрамында және Парламентте төмен өкілдігі. Мысалы, соңғы парламенттік сайлаудың нәтижесі бойынша, 2023 жылы заң шығарушы биліктегі әйелдердің үлесі 27-ден 18%-ға дейін төмендеген.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясатының өзектендірілген тұжырымдамада Қазақстан шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін 30%-ға дейін арттыру бойынша міндеттемелер алған.