×
482.86
533.17
5.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.86
533.17
5.08

Мемлекеттен 50 мың теңге: министрлік алаяқтар туралы ескертті

28.06.2024, 22:45
Мемлекеттен 50 мың теңге: министрлік алаяқтар туралы ескертті
Коллаж Ulysmedia

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына осы жылдың 26 маусымынан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

“Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз,”-деді министрлік баспасөз қызметі. 

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады.