×
471.46
504.79
5.53
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.46
504.79
5.53

Чикагоның ортасына Шымкент деп жазып кеткен. Әдепсіздердің әрекеті желідегілердің ашуын туғызды

29.06.2024, 00:40
Видеодан скриншот

Бұл туралы желі қолданушысы Шәкерім Абдоллаевтың видерсынан көруге болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы  Шәкәрім Абдоллаев Қазақстандықтардың Америкада жасаған вандализмін  көрсететін бейнеролик жариялады.

Видеодан қазақстандықтардың бірі өзінің туған қалаларының — Атырау мен Шымкент қалаларының аттарын қала орталығындағы тасқа қашап жазып кеткенін көруге болады.

"Біздің сана шынымен тас дәуірінде, әкең ! Тасқа қашап ат жазу не ақымақтық? Білемін тарихта қалғың келеді, бір із қалдырғың келеді, бірақ тарихта қалу үшін, із қалдыру үшін басқад да амалдар көп қой! Өзіміздің қазақ деген атқа кір келтірмей, тыныш жүрейік, бауырларым", - деді Шәкәрім Абдоллаев.

Абдоллаев өз жазбасында оқырмандарына вандализмнің не екенін түсіндіріп, тарихи орындар мен ескерткіштерге зиян келтірмеуге шақырды. Ол мәдени мұраны құрметтеудің және өз халқының беделін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Видеоның астынан  "Адам Атыраудан кетсе де, Атырау адамнан кетпейді", , "Неге біз осындаймыз"  деген сарындағы пікірлерді оқуға болады. 

Серіктес жаңалықтары