×
475.18
510.72
5.47
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.18
510.72
5.47

Қазақстанның оқушылары математикадан өткен халықаралық олимпиадада 6 медаль иеленді

29.06.2024, 16:20
Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан ұлттық құрамасы математикадан Балқан олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігі Анталияда математикадан жасөспірімдердің JBMO 2024 халықаралық Балқан олимпиадасы аяқталғанын хабарлайды. Елімізден алты оқушы медаль жеңіп алды, осылайша 100 пайыз нәтиже көрсетті.
 Олар:

  • Әлиасқар Сұлтанәлі – Астана қаласындағы "Білім-Инновация" дарынды ұлдарға арналған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы; 
  • Әли Еркебұланұлы – Алматы қ. ФМН НЗМ 9 сынып оқушысы; 
  • Бердібек Орынбасар - Атырау облыстық №1 "Білім-Инновация"лицей-интернатының 9 сынып оқушысы; 
  • Арнұр Аңсатов – Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған №9 "Білім-Инновация"лицей-интернатының 9 сынып оқушысы; 
  • Лим Эрик – Алматы қ. РФММ 9 сынып оқушысы; 
  • Асқар Мұхтарұлы-Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған №9 "Білім-Инновация"лицей-интернатының 9 сынып оқушысы. 

Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталья қаласында Балқан түбегінің 22 елінен 135 оқушы арасында өтті. Қазақстан қонақ ретінде қатысты.

Серіктес жаңалықтары