×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әскердегі сарбаз өлімі: министрлік не деп жауап берді

29.06.2024, 18:25
Әскердегі сарбаз өлімі: министрлік не деп жауап берді
Ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігі Қазақстандағы әскери қызметшілерге қатысты қайғылы оқиғаларға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство қатардағы Ербаян Мұхтаров пен қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың қаза болуына қатысты фактілердің Ұлттық ұланда болғанын және қарулы күштермен байланысты емес екенін мәлімдеді.

2024 жылғы 13 мамырда Сарыөзек кентінің 29108 әскери бөлімінде болған қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

"Әскери қызметшінің ата-аналарына барлық қолдау көрсетіледі, барлық тиісті өтемақыларды төлеу түрінде көмек көрсетіледі. Қорғаныс ведомствосы мен ата-аналар жүргізіліп жатқан тергеу іс — шараларының объективтілігіне мүдделі", - делінген хабарламада.

Әскери қылмыстарды тергеу барысын ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметші қайтыс болды. Бас әскери прокурордың орынбасары Мақсат Қазиев армияда соңғы төрт жылда 90-ға жуық суицид болғанын хабарлады.

Бұған дейін

 

Жамбыл облысының Қордай ауданында қызмет өткеріп жатқан мерзімді әскери қызметтегі сарбаз ауруханаға түскені белгілі болған.Аймақтың денсаулық сақтау басқармасы сарбаздың өте ауыр жағдайда екенін хабарлаған.

Ол "полисегментті пневмония" диагнозымен жеткізілді. Қазір оған плеврит, жұқпалы токсикалық шок, сепсис, мидың ісінуі және 2-3 дәрежелі кома диагнозы қойылды.

Кейін Отарда мерзімді әскери қызмет атқарып жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз оянғанын хабарлаған едік.