×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Димаш: Ұлтымды сүйе тұра, адамзатты тілге, ұлтқа бөлмеймін

29.06.2024, 19:25
Димаш: Ұлтымды сүйе тұра, адамзатты тілге, ұлтқа бөлмеймін
Ашық дереккөзден

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Алматыдағы жиында құндылықтар жөнінде ойын ортаға салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлемге танымал қазақстандық мега жұлдыз Димаш Құдайберген адамзатты дініне, ұлтына, тіліне қарай алаламайтынын жеткізді. 

“Мен өзімнің ұлтымды сүйе тұра  халқымды сүйе тұра, отанымды сүйе тұра адамзатты ұлтқа, дінге, тілге, нәсілге бөлмейтіндігімді атап айтқым келеді. Біз қазақ халқы данышпан халықпыз. Дана халықпыз. Әрбір адам өзі үшін жауап беріп қасындағы достарына жылы шыраймен қарым-қатынас құра білсе ол адамның өзінің өне бойына ғана тән үлкен алып даналығы деп білем. Сол секілді біздің ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша өскелең ұрпаққа мұра қылып қалдырған. Сол мұраны кірлетпей өресі биік халықтың ұрпағы екенімізді дәлелдеуіміз керек,”- деді Димаш Құдайберген. 

Сондай-ақ Димаш жиын барысындағы сөйлеген сөзінде өз концертіне жаһанның әр түкпірінен келетін жандардың басты мақсаты руханият екенін тілге тиек етті. Әлемде бейбітішілік болуы керек дейді өнер иесі.

“Әлемде бейбітшілік болуы керек. Отанға деген сүйіспеншілік ұлтжандылық, ұлтшылдыққа айналамауы керек. Ұлтшылдық менің ойымша өресі төмен адамдардың ісі. Менің концерттеріме келетін халық аса қатты саясатқа жақын жүрмейтін. Сол себептен өзінің ізгі ниетін арқалап келгенде ең бастысы адамммен адам арасындағы дұрыс информация алмасу бар. Оған біздің санамыз әрқашан дайын болуы керек,” – деді Димаш.

Ерекше дарын иесінің әр сөзін жиналғандар ұйып тыңдап, әр ойын қортындылаған тұста қошеметпен қолдап отырды. 

Бұған дейін

Димаштың Ыстанбұлдағы конценрті өткен “Бешікташ” стадионы көрерменге лық толған еді.

Бұл кеште «Stranger» шоу бағдарламасы туған күн иесінің қонақтары мен достарының қойылымдарымен әсерлене түсті. Өнер иесін құттықтауға Түркия, Қазақстан және АҚШ-тан әлемге әйгілі музыканттар келді.

Концерттің тағы бір қонағы атақты диджей Бурак Йетер болды. Ол Димашпен былтыр Түркиядағы «Weekend» әнінің премьерасы өткен алғашқы концертінен бері бірге жұмыс істеп келеді. Бұл жарқын, жеңіл шығарма бүгін тағы да орындалып, көрерменнің ерекше ықыласына ие болды.