×
471.46
504.79
5.53
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.46
504.79
5.53

Қырғызстандағы сел: қаза тапқандар саны өсті

30.06.2024, 09:16
Қырғызстан ТЖМ

Қырғызстанда Ош облысының Ноокат ауданында сел салдарынан қаза тапқан адамдардың саны артты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қырғызстан ТЖМ 29 маусым күні кешке сел тасқыны кезінде опат болған тағы бір әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Көз жұмған адамның жеке басы нақтыланады.

Осылайша, құрбан болғандар саны сегіз адамға жетті. 24.kg жергілікті басылымы құрбандардың көбі жасөспірімдер болғанын жазады. Олардың екеуі 11, қалғандары 8, 12, 16 және 19 жаста.

Қаза тапқандардың арасында екі әйел бар. БАҚ-тың хабарлауынша, көпшілігі бір-бірінің туыстары.

Қырғызстандағы трагедия

Еске сала кетейік, 28 маусымда Қырғызстанда қатты жауын-шашынның салдарынан Ош облысының Ноокат ауданындағы жойқын сел болып, тұрғындар мен туристер опат болды.

Қырғызстан ТЖМ алдын ала деректері бойынша, қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Атап айтқанда, қазақстандық екі баланың денесі табылған. Тағы екеуін іздестіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары