×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ШЫҰ саммиті: Қазақстанға қай елдің басшылары келеді?

30.06.2024, 14:10
ШЫҰ саммиті: Қазақстанға қай елдің басшылары келеді?

Ulysmedia.kz бұған дейін 3-4 шілде күндері Астана қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне 16 мемлекеттің президенті мен Үкімет басшылары келетінін растағанын хабарлаған. 

Ал бүгін ҚР Президентінің баспасөз қызметі ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін хабарлады.


“Биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады”, делінген Ақорданың баспасөз қызметінің ақпаратында.

Алдын ала белгілі болғанындай, 16 елдің президенттері мен премьер-министерлері Астана саммитіне қатысуға ниетті. Алайда әзірге нақты кімдердің келетіні жайында толық ақпарат жоқ. Белгілісі, Түркия, Қытай, Ресей, Түркіменстан, Иран, Үндістан, Қатар, Әзербайжан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Монғолия, Катар және БАӘ елдерінің басшылары қазақ жеріне келетінін растады.

Сондай-ақ 7 халықаралық ұйым басшылары да Астанаға аяқ басқалы отыр. Оның ішінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин де бар.

Ал осы Астана саммитінде бұған дейін бақылаушы елдердің қатарында болған Беларусь Республикасын ұйымға мүшелікке қабылдаудың үш жылдық процесі аяқталып, аталған ел ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі атанады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымын­дағы еліміздің ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышевтың айтуынша, Астана саммитіне қатысушылардың қатары артып, сондай-ақ ұйымдастыру­шылық аясы бұрын-соңды болмаған шеңберде өрбімек.