Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы 2 қазақстандық баланың денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, еліміздің Сыртқы істер министрлігі сел тасқыны салдарынан жоғалып кеткен тағы 2 Қазақстан азаматының денесі табылғанын растап отыр.
Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп келеді.
Жақын арада Қазақстан Республикасы Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық 4 баланың денесі елге жеткізіледі.