×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алаяқтар Аида Балаеваның атын жамылып жүр

30.06.2024, 16:18
Алаяқтар Аида Балаеваның атын жамылып жүр
gov.kz

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткен деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламалар алаяқтардың ісі екенін мәлімдеді.

“Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді. Сіздерден абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз”, – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Министрлік мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет етуді ұсынады:

1. Келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу қажет.
2. Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған жөн.