НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен өзінің ойынша Владимир Путин Украинадағы соғысты жалғастыруда алға қандай жоспарлар қойып отырғанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz eurointegration.com сайтына сілтеме жасап.
Андерс Фог Расмуссен журналистерге берген сұхбатында Путиннің алғашында Украинаны бірнеше күнде-ақ басып алам деп ойлағанын, алайда ол қазір Батыстың әлсіреуін күтіп жүргенін түсіндірді.
"Мен бұл соғыс ұзаққа созыла ма деп қауіптенемін. Путиннің бүкіл Украинаны санаулы-ақ күнде жаулап алуды ойластырған “А жоспары” сәтсіздікке ұшырады. Оның ендігі “В жоспары” – жанжалды қыздырмай, әрі Батыс әлсірейді деген үмітпен Украинаның шығысын басып алып, оның берілуінен үмітті», – деді.
НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Украинадағы соғыс кем дегенде 2024 жылдың соңына дейін созылады деп болжап отыр. Оның айтуынша, Путин АҚШ-тағы президент сайлауы Ресейге тиімді өзгерістер әкеледі деп үміттенеді.
"Менің ойымша, келесі жыл шешуші болады. Егер біз украиндарға тек аман қалу үшін ғана емес, соғыста жеңіске жету үшін қажет нәрсені берсек, олардың ресейліктерді артқа шегіндіруге мүмкіндігі мол", - деді Расмуссен.
Еске сала кетсек, осыған дейін ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Ресей Федерациясының әрекетін украин халқының геноциді деп таныған қарар қабылдаған болатын. «Үлкен жетілік» елдерінің басшылары Украинаға Ресейдің тыйым салынған активтерінен түсетін кіріс кепілімен жыл соңына дейін 50 миллиард доллар несие беруге келісті.