×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қостанай станциясынан Қытайға алғаш рет жүк пойызы жөнелтілді

13.11.2021, 08:14
Фото: ҚТЖ Ұлттық компаниясы АҚ

Қостанай станциясынан Достық шекара бекеті арқылы Қытайдың Чунцин қаласына жүк ретінде бидай кебегі тиелген алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Пойыз қырық алты 40 футтық контейнерден тұрады. Жүк иесі – ірі қазақстандық астық және ұнтақ өнімдерін экспорттаушы «Brothers Agro Co» ЖШС. Қытайдың Шэньси, Хубэй, Цзянси, Хунан және Сычуан провинцияларына мұндай жөнелтімдерді тұрақты ету жоспарланып отыр: ай сайын 4 контейнерлік пойыз жіберілетін болады.

«KTZ Express» АҚ Қытайға темір жол көлігімен экспорттық өнімді жеткізу сервистерін дамытуды жалғастырып келеді. ҚХР тарапынан енгізілген ковидтік шектеулерге қарамастан, астық жүктерін контейнерлермен тасымалдау қазақстандық экспорттаушылар үшін ыңғайлы және экономикалық жағынан тиімді болып табылатындығын атай кеткен жөн. Сонымен қатар, астық тиелген контейнерлік пойыздары жүк тасымалын контейнерлендіру үлесін арттыруға ықпал етеді.

«Біз әзірлеген оңтайлы логистикалық шешімдер қазақстандық экспорттаушыларға тұрақты жеткізілімдері бар жаңа мақсатты нарықтарды ашуға және көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл экспорттық өнімді тұрақты негізде шығаруды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті «KTZ Express» АҚ Бас директоры Нұрлан Игембаев.

 

Серіктес жаңалықтары