Алматы әуежайында билік өкілдері бас хатшы Антонио Гуттеришті, ал Астанада Моңғолия президенті Ухнаагийна Хурэлсуханы қарсы алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Олар Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммитіне ұшып келді.
Моңғолия – 2004 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мәртебесін алған алғашқы мемлекет. Сол кезде бірлестік географиялық тұрғыда кеңейе түсті, бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделінің артуына дәлел болды.
Қазақстан-Моңғолия ынтымақтастығы аясында дәстүрлі достық саяси қатынастардан басқа, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі екенін атап өткен жөн. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $133 млн құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға өсім көрсетті.