×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңа ипотекалық бағдарлама: «Наурызға» қанша өтінім түскен

03.07.2024, 21:15
Жаңа ипотекалық бағдарлама: «Наурызға» қанша өтінім түскен
Коллаж Ulysmedia

Бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау 28 маусым, жұма күні аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отбасы банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова "Наурыз"ипотекалық бағдарламасы бойынша қанша өтінім түскенін айтты.

Ибрагимованың айтуынша, Қазақстанда e-kezekte порталында әлеуметтік есепке алу жүйесі бар, онда азаматтар тұрғын үйге кезекке тұра алады. Оған әскери қызметшілер, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, I және II топтағы мүгедек адамдар, жетім балалар кіре алады. Негізгі талап-жеке тұрғын үйдің болмауы.

"Бірақ жеке секторда жұмыс істейтін адамдар бізге сұрақ қояды-олар бұл кезекке тұра алмайды, бірақ баспанасы да жоқ. Бізде 35 жасқа дейінгі жас отбасылардың саны өте көп, олар депозиттер ашып, біртіндеп жинайды," – деді Ибрагимова.  

Мұндай жағдайлар үшін  "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы әзірленген еді. Бүгін депозит ашып, ертең бағдарламаға қатысуға  болады.

"Сұраныс өте үлкен. "Отау" бойынша біз сегіз мың өтінім жинадық. "Наурыз" жұма күні аяқталды сағат 21.00-де 38 841 өтінім келіп түсті. Бізде шамамен 12 мың өтінімге ресурстар бар,” - деді банк басшысы.

Бұған дейін

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚА) басшысы Марат Омаров Қазақстандағы ипотекалық несиелеу нарығында Отбасы банктің үстемдігіне алаңдаған еді.