×
$
458.13
€
502.29
₽
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.13
€
502.29
₽
5.58

Астанада көктайғақ салдарынан 100-ден аса жол апаты тіркелді

Бүгін, 09:23
Астанада көктайғақ салдарынан 100-ден аса жол апаты тіркелді
pexels

Астанада қар жауып, көктайғақ салдарынан жол қозғалысы қиындады. 27 қарашада таңертең елордада 100-ден аса жол апаты тіркелді. Осыған байланысты полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полицияның мәліметінше, қар басқан және тайғақ жолдарда көлік апатына ұшырау қаупі артқан.

«Жүргізушілерді барынша сақ болуға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және қауіпсіз арақашықтықты сақтауға шақырамыз», – делінген полиция хабарламасында.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қиылыстарында, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қоғамдық көлік аялдамалары маңында ерекше сақ болуға кеңес берді. Мұндай жерлерге жақындағанда жылдамдықты алдын ала бәсеңдетіп, оқыс маневр жасамау қажет.

Сондай-ақ, полиция көктайғақ кезінде көліктің тежеу жолы ұзартынын еске салды. Сондықтан жаяу жүргіншілерге жолдан өтуге асықпай, көліктердің толық тоқтағанына көз жеткізу ұсынылды.

Полиция департаменті тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сізге қызық болуы мүмкін